Жұмыскер кентіне жаңа автобус қатынайды
Қарағандыда 27-қыркүйектен бастап, №63 автобус жаңа бағытта жүре бастайды. Ол көлік облыстық онкологиялық диспансерден 30-шы шағын ауданға дейін жүреді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Мейрам Кожухов бөлісті.
– Мұнай базасының тұрғындары автобустардың оларға қатынауын өтінді. Сәрсенбіден бастап 30-шы шағын аудан – онкология бағыты бойынша № 63 жаңа бағыт жұмыс істейтін болады. Ол Камская, Резник және Ерубаев көшелерін қамтиды, – деп жазды қала басшысы Instagram парақшасында.
Желіде 20 минуттық интервалмен 5 автобус жұмыс істейді.
– Бүгінде бұл кентте жолаушыларды тасымалдау үшін тек Жұмысшы мен Сұрыптау арасында жүретін 42-ші автобус қана бар. Тұрғындар Майқұдыққа дейін екі автобус айырбастап жетуге мәжбүр болды. Енді жағдай өзгереді, әлдеқайда ыңғайлы болады. Егер бұрын 69-шы бағыт тек Майқұдық бойынша – емханадан 14-ші ш/а-ға дейін жүрсе, енді ол емханадан Жұмысшы кентіне дейін жүреді. 50 минут аралықпен екі автобус жұмыс істейтін болады, – деді Мейрам Кожухов.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz