Жаңалықтар

Жүлде қоры – қомақты

Халқымыздың кемеңгер ойшылы, Абылай ханның кеңесшісі, «Көмекей əулие» атанған саяси әрі мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған салтанатты мерейтой 2018 жылдың 18 тамызында сағат 11.00-де Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінен 50 шақырым жерде, «Қарағанды-Баянауыл» тас жолының солтүстік бөктерінде өтетіндігін хабарлаймыз.

Бұқар жырау 350 жыл логтотип

Тойда ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар және тағы басқа сайыстар өткізіледі.

 Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға жүлде ретінде Астана қаласының орталығынан құны 12 млн. теңгені құрайтын пəтер, «TOYOTA PRADO», «ТOYOTO CAMRY» маркалы автокөліктер, сонымен қатар, үш квадроцикл, тұрмыстық техникалар және тағы басқа жүлделер табысталады.

Сыйлықтар саны мұнымен шектелмейді. Жүлде қорының толықтырылуына байланысты ақпаратты алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.

Олай болса, осы үлкен жауапты шараға бір кісідей ат салысайық!

Ұйымдастыру комитеті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button