Аймақ

Жәйрем ауруханасының мәселесі шешілді

Жәйрем кентіндегі аурухананың жабдықталуы енді қалалық клиникалардан кем түспейді. Диагностика және емдеудің қазіргі заманғы аппараттарын жергілікті қала құрушы кәсіпорын, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының қаржылық көмегінің арқасында сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Ауруханаға биыл «Казцинк» ЖШС 240 млн теңге бөлген.

Кәсіпорынмен меморандум өткен жылы құрылған болатын. Ол кезде аударылған қаражатқа аурухананың ғимаратының күрделі жөндеуі өткізілді. Бұл мақсаттарға 72 млн теңге жұмсалды. Тағы 92,2 млн теңгеге медицина қызметкерлері цифрлық рентген-аппарат, УДЗ арналған жабдық, рентген суреттерін жасай алатын стоматологиялық құрылғы, автоклав, хирургиялық жиынтық, гематологиялық және биохимиялық сараптауыштар, жәнеде тағы да басқа құрылғылар мен арнайы жиһаз сатып алынды. 
– Енді барлық рентген-суреттер бірден емделушінің электрондық ауру тарихына енгізіледі. Былай қарап отырсақ, бізде барлық дерлік қалалық ауруханалар осылай жақсы жабдықталмаған. Ал ауылдық аурухана Жәйрем тау-кен байыту комбинатының арқасында алға қадам басып отыр,- деді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Билығы жылы кәсіпорын аударған қаражатқа ауруханада жөндеу жұмыстары жалғастырылып, ғимарат маңы абаттандырылды. Кәріз бен су құбырлары қалыпқа келтірілді, модульдік қазандық орнатылды.

– Ауруханаға көмек көрсету – бірінші кезекті өзімізге де тиімді. Егер өндірістік жарақаттар болып қалған жағдайларда жедел түрде медициналық көмек қажет болса, барлығы қол астымызда болады, – деп атап өтті «Жәйрем ТКБК» АҚ басқарма төрағасы Алексей Бурковский.

Жабдықтаумен қоса, ауылдық ауруханалардың басты проблемасы – білікті мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешу мүмкін болды. Екі жылда Жәйрем кентінің ауруханасына 10 дәрігер ауысып келген, оның ішінде анестезиолог та бар. Олардың барлығы баспанамен қамтылған. Сондай-ақ «Казцинк» ЖШС есебінен бұл мамандарға ай сайын айлықтарына қосымша 100-130 мың теңге төленіп отырады. Жыл соңына қарай тағы 4 дәрігер келеді деп күтіліп отыр.

Қарағанды облысының әкімі ауылдық аурухана мен ірі кәсіпорынның арасында орнатылған қарым-қатынас секілді мұндай тәжірибені басқа да аудандарда енгізу керектігін атап айтты.

– Осы аулдық ауруханада кадрларға қатысты мәселе шешілді. Жас дәрігерлерге пәтерлер берілді, айлық ақыларына қосымша төлемдер жасалып отыр, нәтижесінде олар 200 мыңға дейін жалақы алады. Облыс бойынша мұндай еш жерде жоқ. Бұл тәжірибені қала құраушы кәсіпорындары бар барлық жерлерде енгізу қажет. Олар да Жәйрем тау-кен байыту комбинатының үлгісінде әлеуметтік қамсыздандырумен айналысулары тиіс, – деп атап айтты Ерлан Қошанов Жәйрем кентінің ауруханасының жұмысымен танысқан соң.

Аурухана 1980 жылы салынған. Қазіргі таңда онда 164 медициналық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр – 14 дәрігер және 150 орта медициналық жұмыскерлер. Емделушілерге сондай-ақ амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі, учаскелік терапевттер мен педиатрлар қабылдау жүргізеді. Бір ауысымда емханаға 200 адам келеді. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button