Жаңалықтар

Заңсыз өнімге тосқауыл

Контрафактілік әрекеттер өндірушілердің авторлық құқығының бұзылуына әкеледі. Бұл заңсыздықты болдырмау мақсатында тексеріс жүргізу, тиісті алдын алу шараларын жүргізу маңызды. Тауарлардың, өнімдердің түпнұсқасын анықтауға, көшірмелердің жасалуына жол бермеуге ден қою қажет.

Ақпарат желісінде, көбінесе, киім, бейнетаспа, ішімдік, косметика, дәрі-дәрмек өнімдері жалған жолмен нарыққа шығуы көп айтылады. Шын мәнінде, қазіргі уақытта бұл тауарлар күнделікті халықтың жиі тұтынатын өнімдеріне айналғандығын, сұраныс салмағының басымдылығын байқаймын. Кейде осындай заңға қайшы шаралардың мүмкіндік алуына себепкер қоғамдық ортаның жеңіл пайдаға, арзанқолдылыққа бейімділігі деп те қаламын. Сонымен қатар, өнімдердің теріс жолмен шексіз таралуына ғаламтордың да ықпалы мол. Осы орайда, заңсыз өндірушілер мен тұтынушылардың арасында қайшылық емес, қалыпты түсіністік орнаған ба деген де ой келеді. Бұл келеңсіз жайттардың қоғамда үзілмей жалғасуынан санаға осындай тұжырым әкеледі.

Бұл тұрғыда, заңдардың орындалуын, заңнамалардың реттеу тұстарының әлі де бақылануын қаперге алу керек сияқты. Бұл серпінде нақты деректер, айтылған пікірлер, түйіндеген ойларды ортаға салып, зерттеу мен зерделеу бағытында тұшымды тәжірибелерге қол жеткізіп, қоғам санасына шынайылықты қалыптастыру қажет. Мұндай контрафактілік келеңсіздіктерді жою, қоғамға қауіпті әрекеттердің алдын алу, елімізге теріс жолмен тауарларды кіргізбеу, қолданыстағы заңдардың орындалуына ықпал ету – жалпы халық болып қолға алатын іс екені айқын.

Ербол БАЗАРБЕКОВ,

Қарқаралы ауданы әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button