АймақТеміртау

Қырық шақырым жол жөнделеді

Теміртаудың 12 учаскесінде жол жөнделіп жатыр. Жалпы ұзындығы – 40 шақырым. Жоспардың жартысынан көбі еңсерілген. Жауаптылардың сөзінше, жұмыс уақытында аяқталады.

Бүгінде «Отрадное» шағын ауданында, пионерлік лагерьлер бағытында және мұсылмандық зиратқа апаратын, Республика даңғылынан ескек есу базасына дейін, Металлургтер даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі жолдарды орташа жөн­деу толық аяқталған.

– Мичурин көшесінде де жұ­мыс­тар аяқталуда. Онда жол жиектерін нығайту қалды. Асфальттың екі қабаты төселген, құдықтарды көтеру жұмыстары атқарылған, – дейді Теміртау қа­ласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Хасенов.

Сондай-ақ, Теміртауда орам­ішілік жолдар ретке келтіріліп жатыр. Қазіргі уақытта 9-шы шағын ауданда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 11 шақырым болатын «Соцгород» көшелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Шұңқырлар жамалып, қоқыс шығарылып, қиыр­шық тас төгілді. Тәуелсіздік даң­ғылында екі қабат асфальт, ал Л.Чайкина көшесінде асфальтбетон төселді.

– Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Орташа жөндеу коммуналдық желілер жөнделген учаскелерде ғана жүргізіледі, – деп атап өтті Қанат Хасенов.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button