Бас тақырыпСпорт

Абылайхан Жүсіпов – Әлем кубогының жеңімпазы

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Абылайхан Жүсіпов (70 келі) жеңімпаз атанды.

Суреттер бокс федерациясынан

Финалда әлем чемпионы атанған тәжірибелі қазақ боксшысы Үндістан өкілі Дипакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек бойы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсеткен Жүсіпов қарсыласына мүмкіндік бермей, айқасты толық бақылауында ұстады.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Абылайхан Жүсіповке берді. Қорытынды есеп – 5:0.

Осылайша, қазақстандық боксшы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алып, ел қоржынына кезекті жоғары дәрежелі жүлдені салды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button