Бас тақырыпРесми

Сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам депутаттық сауал жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылым Парламентінің заң шығару қызметіне оң баға беріп, депутаттардың Үкіметпен және қоғаммен тиімді байланыс орнатқанын атап өтті.

Сурет Ақорда

– Сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам сауал жолдады. Сондай-ақ 31 Үкімет сағатын және 9 Парламент тыңдауын өткізді. Қос палатаның комитеттері белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкен соң заң шығарушы органның комитеттері де мемлекет саясатының басым бағыттарын негізге ала отырып, құрылғаны жөн. Осы жылдар ішінде депутаттық корпус азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс жүйесін қалыптастырды. Атап айтқанда, партия жобаларын табысты жүзеге асырды. Сондай-ақ тұрақты түрде аймақтарға барып, жұртшылықпен кездесіп отырды. Қоғамдық қабылдаулар кезінде азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, өзекті мәселелердің шешім табуына ықпал етті. Парламент беделді ғалымдарды, байыпты сарапшыларды және қоғам белсенділерін ортақ мүддеге біріктірген орталыққа айналды. Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата осы бірегей зияткерлік экожүйенің берік тірегі болды. Бұл құрылымдар сындарлы диалогті дамытып, заң жобаларын жан-жақты талдауға жол ашты, – деді Мемлекет басшысы.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button