Қымбатты жерлестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан 20 жыл бұрын егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады.
20 жыл – тарих үшін қасқағым сәт. Бірақ, осындай аз ғана уақытта ғаламшарымыздың ешбір мегаполисі біздің астанамыздай құлпырып, ерекше кейіпке енген емес.
Қарқынды дамуға ие болған жас астана өз соңынан күллі елімізді гүлдену жолына бастады. Астана аз уақытта әлемнің ең әдемі шаһарларының біріне, Орталық Азияның экономикалық және мәдени өмірінің орталығына, барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Бас қаланың осындай ерекше кейіпке енуіне біздің де құрылысшыларымыздың зор үлесі тиді. Олар «Бәйтерек» монументі, Мұз сарайы, «Қазақ Елі» стелласы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Астана Триумфы» тұрғын үй кешені және басқа да ауқымды құрылыстарға күш салды.
Бүгінгі Астана – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық курсының жемісі. Қазақстанның жаңа астанасын ел Президентінің төл перзенті және саяси кемеңгерлігінің шыңы деуге толық негіз бар.
Мемлекет басшысының бастамасымен және тікелей басшылығымен бой көтерген Астана – әлемдік деңгейдегі басқосулар өтетін маңызды диалогтық алаңға айналды.
Сондай-ақ, Астана – Қазақстанның бейбітшілігінің, бай мәдениетінің, аса биік межедегі спорттық жетістіктерінің нышаны.
Астана – халқымызбен бірге жасауы тиіс мәңгілік ұлттық асқақ рухымыз! Біздің рухани жаңғыруымыздың негізі – Ұлы Қазақстан мәдениетінің бір бөлшегі.
Осынау шуақты күнде біздің облыс тұрғындарын Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Барлықтарыңызға бейбіт өмір, ырыс-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!
Ерлан ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Серғазы ӘДЕКЕНОВ,
облыстық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы.