Қылқалам шеберлері танымал һәм бейтаныс

Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Апгрейд» қалалық суретшілер көрмесі ашылды. Қылқалам шеберлері Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі үздік жұмыстарын бұқара назарына ұсынды.

Экспозицияда тақырыбы мен орындалысы мүлдем басқа 105 шығармашылық жұмыс бар. Бұл табиғи және қалалық пейзаждар, түрлі-түсті натюрморттар, графикалық портреттер, линогравюралар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, шағын мүсіндік пішіндер, коллаждар, акрил құю және флористика техникасында жасалған суреттер.

Көрме Александр мен Надежда Болюх, Қуат Аскаров, Хайниса Мустафина, Игорь Сатаев, Елена Малецкая сияқты танымал суретшілерді, сондай-ақ өмірінде алғашқы экспозициясы болатын суретшілерді топтастырды. Бұл қатарда Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушылары мен Шахтинск қаласының көркемсурет мектебінің педагогтары да бар.

Өз тілшімізден.

ТЕМІРТАУ қаласы.