Жаңалықтар

10 қараша: Қарағандыда ауа райы қандай болады?

10 қарашада еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.  Қарағанды облысы және еліміздің тағы басқа өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Сондай-ақ көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Синоптиктердің болжамынша, күндіз еліміздің батысында ауа температурасы +3…+12 градус, солтүстік-батысында 0…+8 градус болады. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -3…+5 градус аралығында сақталады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз +2…+10 градус жылы болады.

Қарағанды облысында ауа райы қандай болады?

Қарағанды қаласында 10 қарашада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей уақытта жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…+2 градус шамасында болады.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады. Әсіресе, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жылдамдықты ауа райына қарай таңдаған жөн.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button