Бас тақырып

Өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақытта Ақмола, Абай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде көктайғақ күтілуде. 

Сурет ЖИ

Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз.

Дөңгелектердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлген жөн. Егер көлікте әлі жазғы шина тұрған болса, көктайғақта басқару қиындап, жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі едәуір артады.

Естеріңізге саламыз, жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, сондай-ақ жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты 1403 байланыс орталығынан біле аласыз.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button