Өнегелі жол

Жуырда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, суретші, өлкетанушы Аманқұл Мұсатайұлының «Суретші және сурет сыры» атты көрмесі өтті. Оған қылқалам шеберінің бірнеше төл туындылары қойылды.

Көрменің салтанатты ашылуында сөз сөйлегендер танымал өлкетанушы, ұстаз, суретші Аманқұл Мұсатайұлының еңбек жолына, шығармашылығына тоқталды. Оның Орталық Қазақстан аймағының көне тарихы мен ескерткіштерді зерттеуге атсалысқандығын атады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Аманқұл Мұсатайұлы Әлкей Марғұланның шәкірті, академик ғалым өзі басқарған Орталық Қазақстан экспедициясының Арқа жеріндегі кұрметті мүшесі болған. Ол 1986-1993 жылдар аралығында Ақтоғай ауданындағы мұражайда басшылық қызметін атқарған. 1950-1970 жылдары Орталық Қазақстан экспедициясы жұмыстарына тікелей катысқан. Ғалымдармен бірге тек Балқаш,

Актоғай маңы ғана емес, Қарқаралы, Шідерті өлкелеріндегі зерттеулерге катысқан. Ұлытау, Арғанаты өңірлерінің ескерткіштерін, Шет, Ақадыр төңірегі тарихи жерлерді көп аралаған көрінеді. Ақтоғай кентінде ширек ғасыр орта мектепте ұстаз болып, бейнелеу өнері пәнінен дәріс берген Аманқұл Мұсатайұлы жүздеген жасөспірімді білім мен өнерге баулыған. Сонымен катар, оның аудандық өлкетану музейін бірнеше жыл дайындап, ашу ісіне белсене жұмыс жасағандығын атап өткен жөн.

Нұрдос КӘРІМ.

Оrtalyq.kz