Той түзу өтсін десек…

Биыл облысымызда дүбірлі тойлар баршылық. Атап айтар болсақ, Ақтоғай, Нұра, Шет аудандарының 90 жылдығы және Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдығы облыс көлемінде тойланбақшы. Өңірімізді дүбірге бөлейтін тойлардың арқасында халық еңсесі бір көтеріліп қалатыны анық.

Қазақтың тойы аламан бәйге мен балуандар белдесуінсіз өтпейтіні белгілі. Жұртшылықтың ерен қызығушылығын тудыратын да осы додалар. Кейінгі жылдары осындай той-думанның арқасында қазақтың ұлттық спорты дамып келеді. Балуандардың алды «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Әлем барысы» сынды жаһандық додаларда топ жарып жүр. Сәйгүліктеріміз «Алтын тұлпар» бәйгесінде жүлдеге ие болды. Аударыспақ, теңге ілу және көкпар ойындарында жігіттеріміз алдына жан салмауда.

Әрине, мұның бәрі дос сүйініп, дұшпан күйініп әңгіме қылар жетістік. Тек, бір айта кетері, әділдік мәселесі. Шын мықты жеңіске жетсін, шын жүйрік суырылып шықсын. Сонда ғана біз ұлттық спортымызды биікке көтере аламыз. Алдағы тойларда осы мәселеге жауапкершілікпен қарау қажет деп ойлаймын. Бар салмақ төрешіге түседі. Сондықтан, төреші таңдағанда оның біліктілігіне назар аударуымыз тиіс. Той – көп болып атқаратын шаруа. Халықтың несібесі, Тәңірдің қазынасы.

Ибраһим ӘБІШЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.