Тексеру шаралары жүргізіледі
Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясындағы депутаттардың ұсынысымен қала әкімі автокөліктерден ластаушы заттардың шығарындысын төмендету бойынша жұмыс тобын құрды. Топ құрамында қалалық мәслихат депутаттары, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің, көлік бақылау инспекциясының, қалалық ІІБ жергілік полиция қызметінің, Қоғамдық кеңестің, қала әкімдігінің өкілдері бар.
Жұмыс тобының міндеті – рейдттік іс-шаралар жүргізу арқылы қолданыстағы нормалардың бұзылу себептері мен шарттарын зерттеу. Осыған сәйкес, 29-тамызда экология департаменті мен Қарағанды қаласының ІІБ қызметкерлері жүргізушілер мен ұйымдардың шығарындылардағы ластаушы заттар құрамының нормативтерін сақтауларына қатысты тексеру шараларын жүргізген болатын.
Тексеріс нәтижелері бойынша, жұмыс тобы механикалық көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өту процесін зерттеп, уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жасайтын болады.
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.