Басты тақырыпРесми

ТАЛАП – ҚАРҚЫН мен САПА

     Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік және мәдени нысандардың, жолдардың жай-күйімен танысып, жұмыс қарқынын тексерді.

IMG_6820

Еске салсақ, Қарағандыда осы жылы 27 нысанды жөндеу жоспарланған. Мұның ішіне құны 100 млн. теңге тұратын Приканальная көшесінің құрылысы және сомасы 779,7 млн. теңгені құрайтын Гоголь көшесінің күрделі жөндеу жұмысы енгізілді. Сонымен қатар, құны 2 млрд. 923 млн. теңге көлемінде 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Октябрь ауданында атқарылуда. Атап айтқанда, Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау станциясының 21 нысанында жөндеу жұмыстары орындалуда.

Алдымен аймақ басшысы  Зелинский көшесінен бастап, 7-ші магистральға дейін аралықтағы  жолға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалады. Мердігермен кездесіп мерзімінен бұрын аяқтау және сапалы қызмет ұсынуды тілге тиек етті. Бұдан кейін «Молодежный» МҮ КМҚК қасбетіне ағымдық жөндеу жұмыстарын, 21 шағын ауданындағы жол мен алты үйдің ауласында атқарылып жатқан шаруалармен жете танысты. Жалпы қалада 700-ге тарта аула болса,  олардың аз жыл ішінде ретке келтіруге күш салу қажеттігі айтылды. №№23, 32 мектептердегі жөндеу жұмысын да көзбен көрді. 10 шағын ауданында және «Бота» балабақшасын тексерген аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға риза екендігін білдіріп, алған беттен таймауды тапсырды. «Бота» балабақшасының жұмысын жандандырған Г.Нұрғожина сияқты азаматшалардың ісін алдыға тартып, балабақша ашам деген кәсіпкерлерге субсидия беру жағы кеңінен қарастырылатындығын атап өтті. Өйткені, биыл жұмысын бастайтын «Бота» балабақшасы келешекте 270 баланы қамтымақ.

Сұрыптау станциясында жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан бірнеше нысанды және жолдарды аралаған облыс әкімі істе іркілістің жоқтығын байқады. №22 негізгі мектеп пен «Теміржолшылар» МС КМҚК шатырына ағымдық жөндеу жұмыстары және терезелерін ауыстыру жұмыстары шілденің соңында аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, Майқұдықта болып, 12, 19 шағын ауданындағы үйлердің ауласындағы жұмыстарды тексерді. «Жаңа Майқұдық» МҮ КМҚК ғимаратының ішіне ағымдық жөндеу жұмыстарын және №33 «Алтын бесік» балабақшасындағы атқарылып жатқан шаруалар барысына тоқталды. Осы күні аймақтың жол және құрылыс нысандары бойынша жүріп жатқан жұмыстары терең талқыланды. Облыс әкімі жергілікті атқамінерлерге бұл салаларға бөлінген қаржының толықтай игерілуін қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарында технологияны сақтамайтын мердігер ұйымдарға қатысты қатаң шаралар қолдану керектігін ескертті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ:

– Қаладағы әлеуметтік және мәдени маңызы бар бірнеше нысандарда болып, жөнделіп жатқан жолдарды көріп, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, алдағы уақытта қолға алынуы тиіс міндеттерді белгіледім. Жұмыс қарқынды, кестеге сай жасалуда. Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарына 33 млрд. теңге қарастырылды. Өңірімізде 860 шақырым жол жөнделуде. Оның қаржысының жартысы республикалық бюджеттен бөлініп отыр. 127 жол учаскесі жөндеуден өтеді. Қаладағы аулаларды, әлеуметтік және мәдени нысандарды жөндеуге облыс қаржы бөлді. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау да кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

Нұрдос КӘРІМ.

Суретті түсірген Л.Галимов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button