Басты тақырыпЖаңалықтар

Табиғи таза қияр

Аймағымыздағы айтулы жобаның бірі -«Green Technology»ЖШС жылыжай кешені. Бұл кешен «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жалпыұлттық телекөпір арқылы іске қосылған еді.

Қарағанды қаласында көкөніс өнімдерін жыл бойы өсіруге арналған 3 гектар алаңды алатын заманауи жылыжай кешенінің өндіріс қуаттылығы – жылына 1700 тонна өнімді құрайды. Бұндағы ақшалай табыс жылына 425 млн. теңге шамасында болжанған.

Сонымен қатар, нысанға әлемдегі озат технологиялар пайдаланылып, өнімнің өзіндік құны төмендеуде.

Басқа материалдар

Back to top button