Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды С.Мұқанов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан Қарағанды арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында ғана емес, облыстың басқа қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында да тапсыруға болады. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.
Бұған дейін теориялық және практикалық емтихандар тек Қарағандының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданып, қала мен аудан тұрғындары облыс орталығына келіп тапсыратын. Облыстың басқа қалалары мен аудандарының тұрғындарының емтихан тапсыру процесін жеңілдету мақсатында теориялық емтиханды жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандандырылған бөлімдерінде тапсыруға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
«Қарағанды облысының полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы өңірлерде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ыңғайлылығы үшін көлік құралын жүргізуге үміткерлерден жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандар тек арнайы ХҚО-да ғана жүргізілмейтінін хабарлайды. Қарағанды қаласының С.Мұқанов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан, сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінің мамандандырылған секторларында, атап айтқанда, Балқаш, Теміртау, Қарқаралы, Абай қалаларында және Осакаровка кентінде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға болады», – делінген хабарламада.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ