Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты.

– Тұрғын үймен қамтамасыз ету – өңірдегі басым міндеттердің бірі. «Жас отбасыларға арналған ипотека» бағдарламасын 97 отбасының пайдасына жарады, тағы 153 отбасыға бағдарламаны рәсімдеу жоспарда бар. Сондай-ақ, кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотеканың өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді. Нақтырақ айтатын болсақ, 2 млрд теңгеге 121 ипотекалық несие берілді, – деді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz