Жаңалықтар

Құтқарушылар қан тапсырды

Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері Қарағандыдағы облыстық қан орталығы ұйымдастырған «Донор күні» акциясына қатысты.

– Адам өмірін құтқару – біздің кәсіби міндетімізге кіреді. Бір адамға көмек үшін қан тапсыру – бұл менің парызым, – дейді осымен он алтыншы мәрте донор атанған департаменттің кадр жұмысы бөлімінің инспекторы Нұрсұлтан Жәпішев.

 Құтқарушылар мұндай акцияға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Олар, тек, акция күндері ғана емес, тұрақты түрде қан тапсырып тұрады. Департамент қызметкерлері донорлықты парызы деп санайды. Қан тапсыру шарасына департаменттің алпыстан астам қызметкері атсалысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button