Медицина

Сібір жарасынан қайтыс болған адам мырышталған табытпен жерленеді

Қарағанды облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше сібір жарасынан қайтыс болған адамды жерлеу эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүргізілмек. 

– Сібір жарасынан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жүзеге асырылады. Сібір жарасынан қайтыс болған адам мырышталған, герметикалық табытпен жерленеді.

Қабір қазу, мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін 3-5 адамнан ғана тұратын жерлеу тобы жиналады. Топқа жұмыстарды жүргізу тәртібі, жерлеу ерекшеліктері, қорғаныс костюмдерін пайдалану ережелері, жеке профилактикалық шараларды қатаң сақтау туралы мұқият түсіндіріледі. Мәйітті жерлеу орнына тасымалдау оңай дезинфекцияланатын көліктерде жүзеге асырылады. Сібір жарасынан қайтыс болған адамның мәйітін жеткізгеннен кейін көлік дезинфекциялық құралдармен өңделеді, –  дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Жерлеу аяқталғаннан кейін аспаптар, қорғаныш киімдері, көліктер және басқа да құралдар белгіленген тәртіпке сай дезинфекцияланып, жерлеуге қатысқан адамдар инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылауда болмақ.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button