Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Жоламан Биғабыл Азиада-2026 жеңімпазы атанды

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Сурет ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл – Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Материалды әзірлеген
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button