Спорт
Қазақстандық триатлоншы Азия ойындарында сынға түсті
Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында триатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыс мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова қашықтықты 1 сағат 4 минут 13 секундта еңсеріп, 17-орынға тұрақтады.
Алтын медальді Қытай спортшысы Линь Минъюй 57 минут 37 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Оның отандасы Хуан Аньци 57:58 көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлде 58:36 уақыт көрсеткен жапониялық Манами Хаясиге бұйырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан спортшысы Арлан Жаңабай қола медаль жеңіп алған еді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



