Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен алғашқы жеңіске жетті
Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында аралас жекпе-жектен жарыс басталды.

Қазақстандық Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақта (traditional) алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Мин-дяньді 3:0 есебімен жеңді.
Осы нәтижеден кейін отандасымыз жарыстың ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Оңтүстік Корея спортшысы Юн Тэёнмен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Әйгерім Төреханова 54 келіге дейінгі салмақта (modern) алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберген еді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



