Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы салтанатты шеруден өтті.

Суреттер ҰОК

Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік туын Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова алып шықты.

Биылғы Азия ойындарында Қазақстан атынан 558 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз жарыс бағдарламасындағы 43 спорт түрінің 35-інен жүлдеге таласады.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button