Жаңалықтар

Шахтинскіде-жаңа жоба

Шахтинск қаласында немістің «Dena» энергетикалық агенттігі «Қазақстанның муниципалитеттеріндегі энергия тиімділігі» пилоттық жобасын жүзеге асыратын болды. Осы орайда, Энергия тиімді ғимараттар департаменті бастығының орынбасары Николь Пиллен, жобалар басшысы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің өкілі Наргис Вик, жетекші сарапшы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің өкілі Елена Мецгер жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Сержан Аймақовтың төрағалығымен бірінші жұмыс кездесуін өткізді.

Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері, жауапты мемлекеттік мекемелердің басшылары, қаланың денсаулық сақтау мекемелері мен колледждер өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан аймақ басшысы «Dena» агенттігінің энергетикалық және экологиялық менеджменті бойынша маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қаламызды таңдағанына өте қуаныштымыз, – дей келе, «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасына сәйкес, 2014-2020 жылдарға арналған облыстық кешенді энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленгендігін айтып, осы бағытта аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады. Энергияны үнемдеу шаралары негізінен жылу беру маусымына дайындық барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандарында жүргізілді.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, жобаның басты мақсаты – бюджеттік ауыртпалықты жеңілдету үшін тиімді инвестициялық шешімдер қабылдау және электр қуатының шығындарын тұрақты төмендету. Басымдықта муниципалды ғимараттар. 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады деген жоба 6 кезеңді қамтиды.

Айта кету керек, «Dena» агенттігі энергия тиімділігі, жаңа энергия көздерінен энергия өндіру және «ақылды» энергия жүйелері мәселелері бойынша сарапшы орталық. Ресей мен Орталық Азияда жаңартылған энергия өндіру көздері бойынша екі жақты кооперациялық жобалар әзірлеп жүрген агенттіктің мақсаты – Германия технологияларының көмегімен экономиканы жаңғыртуға қолдау жасау болып табылады.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button