Жаңалықтар
«Шахтердің» бас бапкері қызметінен кетті
«Шахтер» футбол клубы 47 жастағы беларустық маман Владимир Журавельпен өзара келісім бойынша еңбек шартын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып бас бапкердің ассистенті Андрей Финонченко тағайындалды.
«Біз Владимир Ивановичке командада өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және оның мансабына табыс тілейміз», – делінген хабарламада.
16 турдан кейін «Шахтер» Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Владимир Журавель қарағандылық футбол клубын 2018 жылдың қаңтар айынан бастап басқарған болатын.