Жаңалықтар

Сергектік – жан серігі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің мұрындық болуымен Астананың 20 жылдығына орай облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері арасында спорт түрлерінен сайыстар өтті.

«Шахтер» стадионындағы сайысқа облыстың әр аймағынан 22 команда жиналып, спорттың 3 түрінен бақ сынады.

– Бұл шараны Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Елордамыздың 20 жылдығына арнайы ұйымдастырып отырмыз. Негізгі мақсатымыз – салауатты өмір салтын ұстану, үздіктерді республикалық жарыстарға іріктеу. Ай сайын волейболдан, үстел теннисінен, баскетболдан, қыста шаңғы тебуден жарыстар өткізіп отырамыз. Өрт сөндіруден құтқару спортын жылына бір рет ұйымдастырамыз. Осылайша, жастардың өз кәсібіне деген адалдығын насихаттаймыз, – дейді «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын» ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Серік Қабажанов.

Шағын футбол сайысына қатысқан команда құрамында 5 ойыншыдан өнер көрсетті. Әрбір ойын 10 минуттан тұратын 2 таймнан өтті. Бірінші орынды Теміртау қалалық №22 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы, екінші орынды Жезқазған қалалық №42 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы еншілесе, ал, үшінші орынға Қарағанды қаласының №17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы місе тұтты. Командаларға кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Кір көтеру сайысынан бірінші 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіде орынды Ғ.Әлжанов иеленсе, екінші орынға М.Жүнісов жайғасты.

80 келіге дейінгі салмақ бойынша бірінші орынды А.Комаров, екінші, үшінші орындар Н.Держаев, Д.Жаркенов өзара бөлісті.

90 келіге дейінгі санатта үздіктер қатарынан К.Ешмағанбетов, А.Затычец , А Ерден көрінді.

90 келіден жоғары салмақта Кеднишев жоғарғы көрсеткіш көрсетті. Екінші орынды Р.Байкенов, үшінші орынды Д.Сайлаубаев қанағат тұтты.

Ерлер арасындағы шахматтан М.Мурзаев көш бастады. Қыздар арасындағы бәсекеде Б.Жандығұлова топ жарды.

Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табыс етіліп, мақтау қағаздары ұсынылды.

Осылайша, сергекті жандарына серік еткен құтқарушылар өмірінде салауттылық салтанат құрды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Орталық Қазақстан»

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button