Пікірлер
Сенімге сеп болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «жер шетелдіктерге сатылмайтынын» шегелеп айтты. ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары қазақ даласы үшін бастарын бәйгіге тігіп, осы жерді бізге аманаттағанын білеміз.
Қазақ үшін жер жаннан қымбат. Оны Әлихан Бөкейханның «Жер, жер және жер» дегенінен-ақ білуге болады. Сондықтан Президенттің «жер шетелдіктерге сатылмайды» дегені – елдің көптен күткен ерекше лепесі! «Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елдің» (Қазыбек би) бақ-берекесі мен ырысы да осы жерге байланысты! Мұны басқадан бұрын Президенттің айтқаны елдің сенімін арттыра түсті деп білемін!
Ержан НҰРМАҒАНБЕТОВ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.