Бұқар жырау ауданында ағаш отырғызу өріс алды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру аясында Бұқар жырау ауданында елді мекендерді көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері ауданда 3 000-нан астам көшет отырғызылды.
Көгалдандыру ісіне аудан кәсіпорындары мен тұрғындары да атсалысуда.Атап айтқанда, 16 қазанда Баймырза аулында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұсынған 200 көшет, Көкпекті аулында өткізілген осындай сенбілік кезінде 400 қарағай көшеті отырғызылды. Ертең Шешенқара аулында да тағы 200 көшет отырғызу жоспарлануда.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар жасыл желектердің санын арттыруға, елді мекендердің көркін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» — бұл тазалықты сақтау, табиғатты қорғау және туған өлкенің экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы ортақ жауапкершілік.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



