Ресми

СЕНАТОР САЙЛАНДЫ

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды. Қарағанды облысынан Жоғары палатаның депутаты болып Рысқали ӘБДІКЕРОВ сайланды.

ШЕФ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қаулы шығарды.

Ресми құжатта Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров Сенат депутаты ретінде тіркелгені жазылған.

Облыс бойынша  саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны – 293 адам. Яғни, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары.

Сайлаудың облыстағы барысын 10 халықаралық бақылаушы бақылаған. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының және РФ Мемлекеттік думасының өкілдері.

Сонымен, 28 маусымда өткен сайлауда Рысқали Әбдікеров 241 дауыс жинады. Сайлаушылардың 82,53%-ы Рысқали Әбдікеровтің үміткерлігін қолдайтынын көрсетті.

Халықаралық бақылаушы­лар Сенат сайлауы ашық, Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес бәсекелестік негізінде және демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарын сақтай отырып өткізілді деген пікір білдірді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button