Сарышағанда – жаңа мектеп
Жаңа оқу жылында сарышағандық 464 оқушыға есігін айқара ашқан жаңа мектептің құрылысын жүргізген «Аспап» өндірістік кооперативі. Бұдан алпыс жыл бұрын салынған, ескіргені өз алдына, тарлық етіп, балалар екі ауысыммен оқып жүргенде берілген бұл білім ордасы кент жұртшылығын қандай қуанышқа кенелткенін айтпаса да түсінікті.
Ауылдың тайлы-тұяғы қалмай қатысқан салтанатты сәтке арнайы келген Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Р.Әбеуов мектеп ұжымына педагогикалық-психологиялық кабинет жасақтайтын 3,5 млн. теңгенің сертификатын тапсырды.
Облыстық мәслихат депутаты А.Түкбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Таукеев, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жүнісов жиналған жұртты қуанышымен құттықтап, жаңа мектеп тәуелсіз елдің абыройын асқақтатып, даңқын арттырып, бәсекеге қабілетті түлек ұшыратын шаңыраққа айналуына тілектестік білдірді.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»