АймақТеміртау

Салт-дәстүріміздің салтанаты

Теміртау қаласының Мәдениет сарайында Наурызнама онкүндігі шеңберінде “Салт-дәстүр – тәрбие бастауы” атты қалалық фестиваль-конкурс өтті.

Бұл сайысқа қаладағы 14 еңбек ұжымы қатысып,өз өнерлерін ортаға салып,көрермендерге қазақтың бай дәстүрлерін ұсынды.Олар жасаған қойылымдар мен көріністер зал толы халыққа мағыналы әсер етіп,ұлттық рухымызды сезіндіргендей болды.

Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып,оларға дипломдар мен Алғыс хаттар,ақшалай сыйлықтар табысталды.Мәселен,бірінші орынның дипломы мен 100 мың теңге ақшалай сыйлықты иеленген “Сәуле” бөбекжайы қазағымыздың “Ұрын бару” дәстүрін жан-жақты,терең ашып көрсетті.Қалған қатысушылардың көпшілікке ұсынған дәстүрлерінің қатарында “Бата беру”,”Бастаңғы”,”Сырға салу”,”Шолпы тағу”,”Құйрық-бауыр тарту”,”Беташар”,”Тұсау кесу” сияқты салттарымыз да болып,жиналған қауымның көңілінен шықты.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button