Жаңалықтар

Life09 редакторы Аяжан Мақан «Парасат» медаліне ие болды

Бүгін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ақпарат саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Сурет Аяжан Мақаннан

Салтанатты марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы журналистиканың қоғамдағы ерекше рөліне тоқталып, ақпарат саласы өкілдерінің ел дамуы мен қоғамдық пікір қалыптастырудағы еңбегін жоғары бағалады. Президент БАҚ қызметкерлеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық және кәсіби жетістіктер тіледі.

Іс-шара барысында отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Life09 ақпарат агенттігінің редакторы Аяжан Мақан да бар. Ол ақпарат саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Парасат» медалімен марапатталды.

Әріптесімізді жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы қызметіне толағай табыстар тілейміз!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button