«Сайлаудың жөні бөлек, жосығы ерек»
Гүлшат кентінің әкімін сайлау кезінде Конституциялық заң талаптары қатаң басшылыққа алынып, айтулы науқан жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда. Бұл жөнінде Гүлшат кентінде орналасқан №206 сайлау учаскесінің төрағасы Гүлнар ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ пікір білдірді.
– Сайлауды өткізуге тиіс №206 учаскесінде ішкі және сыртқы безендірулер жасалып, көрнекі стендтер қажетті құжаттармен жарақталған. Дауыс беру кабиналарымен, жәшіктермен қамтылған. Сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссиясына ұсынылған және ол тізіммен сайлаушылардың танысу мүмкіндігі бар. Сайлаушылар дауыс беру мен орны туралы хабардар етілуде. Әзірге, 50-ге жуық адам дауыс берді. Түске дейін сайлаушылар саны артары анық.
Бұл сайлау әлемдік тәжірибеде бар. Мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетін ұтымды механизм екендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, ауыл әкімдерін бұқара сайлап жатыр. Бұл науқанның жөні бөлек, жосығы ерек болмақ, – дейді Гүлнар Қанатбекқызы.
Айта кетейік, гүлшаттықтар ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай ауыл үшін жасалған игі қадамға дән риза. Келешекте, ауыл жұрты өздері сайлаған әкімнің өркенді істер атқарылатындығына сенімдері зор.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ қаласы.