Аймақ

«Сайлауға қатысу арқылы қоғамға үлес қосқаныма қуанамын!»

Бүгінгі саяси науқанға қатысқан тұрғындардың қатарында алғаш рет дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасаған жас сайлаушылардың да қатары аз емес. Солардың бірі Ақтоғай ауданындағы №391 сайлау учаскесіне келген жас сайлаушы – Арсен Керімбай. Жалынды жас алғаш рет дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады.

Сурет автордан

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Алғаш рет дауыс беріп, азаматтық құқығымды пайдаланып отырмын. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Еліміздің болашағы жарқын болып, жастарға мол мүмкіндік берілсе деймін. Өз таңдауымды жасау арқылы қоғам өміріне үлес қосқаныма қуаныштымын. Қатарластарымды да белсенді болып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырамын, – деді жас сайлаушы Арсен Керімбай.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Ақтоғай ауданы.

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button