Сүйікті ұстазым

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Абай). Менің алғашқы ұстазым – Гүлжан ОМАРОВА. «Есімде әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның», – деп өлең жолдарында айтылғандай, Гүлжан мұғалім маған әліппені алғаш ұстатып, күлімсіреп, оқушы атанғанымызбен құттықтағаны әлі есімде.

Сол сәттен бері Гүлжан мұғалім бізге өте жақын жандардың біріне айналды. Айтқанын орындап, ренжітпеуге тырысамыз. Өйткені, ұстазым соған лайықты жан. Мұғалім бізді басқа сыныптардан кеш жіберетін, оған оқушылар ренжімейтінбіз, қайта қуанатынбыз. Өйткені, ол кісі бізге көп білім бергісі келді және біздің әр қатемізді түзетіп отыратын. Ұстазымыз бізге ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейтін, әр нәрсені ақылмен жеткізетін. Ол бізге тек білім беріп қана қоймай, тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекке, елімізді сүюге, ана тілімізді құрметтеуге баулыды. Бізге сынып сағаттарында достық, жолдас, ата-ана туралы көп әңгімелер айтып берді. Осы төрт жылдың, көзді ашып-жұмғанша қалай тез өтіп кеткенін байқамадым. Кеше ғана бірінші сыныпқа қадам басқан едім, енді міне, төртінші сыныпты ойдағыдай аяқтадық. Аяулы ұстазымыздың анамыздай қамқорлық көрсеткенін естен шығармаймыз. Ұстазымыздың бізге артқан сенім мен үмітін ақтаймыз.

Аружан ЕРБОЛАТ,

№101 мектеп-лицейдің 4 «Ә» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.