Жаңалықтар

Сәбилерге тағылымды тарту

Қасиетті домбыраны ұлықтау шарасына Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңінен қолдау көрсетті. Республикамыздың барлық өңірлерінде бірінші шілде күні дүниеге келген сәбилерге ұлт аспабы – домбыра сыйланып, бұл шара біздің облысымызда «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы аясында жалғасын тапты.

Ұлттық аспапты ұлықтауға арналған акцияның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын дәріптеу.

Облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері ұлттық бірегейлікті сақтап, қоғамды біріктіре түсетін Ұлттық домбыра күні аясында өтіп жатқан барлық шараларға белсене қатысты.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Ерлан Құсайынов, ҚХА қайырымгерлер мен меценаттар клубының төрағасы, «ҚазПласт» ЖШС директоры Сергей Николаевич, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы Зеновия Ярославовна Майқұдықтағы перзентханада дүниеге келген Наташаны құттықтады. Сәбидің ата-анасына ақ тілектерін жеткізген азаматтар Наташаға тілек хат пен арнайы дайындалған домбыраны тарту етті.

Дәл осы кезде, Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген Арман Сұлтанның ата-анасын облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков пен «Қарағанды облысы кәрістерінің этномәдени бірлестігі» төрағасы Лилия Ким құттықтап, домбыра мен тілек хатты табыстады.

Акциядан Теміртау қаласының тұрғындары да қалыс қалмады. Елбасымыздың замандасы, облыстың Құрметті азаматы Қуаныш Омашев пен «Понтос» грек мәдениет орталығының төрағасы Деспина Касапиди бастаған топ қалалық презентханада дүниеге келген Мағди есімді сәбиге домбыра мен тілек хат сыйлады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button