АбайАймақБас тақырып

Әріптестер құрмет құшағында

Биыл билік пен бұқара арасында көпір болған Абай аудандық «Абай-ақиқат» газетіне – 50 жыл, Қарағанды жаңалықтарын қалт жібермей таспалап отырған «5 арна» телеарнасына – 30 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қос ұжымның басшыларын қабылдап, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар, жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, Қазақстан Журналистер одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Жәнібек Садыханов пен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Дүйсетаев, «Saryarqa aqparat» ЖШС директорының орынбасары Оксана Мягких қатысты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

«Абай-ақиқат» – жарты ғасыр бұрын «За коммунистический труд!» деген атаумен Мичурин аудандық партия комитеті мен халық депутаттары аудандық атқару комитетінің ресми баспасөз органы болып құрылған еді. 2001 жылдан бастап қазіргі атауына ресми ауысқан. Содан бері осы газетте 15 адам Бас редакторлық қызметін атқарған. Алайда, аудандық газет 2021 жылы жеке меншікке өткен. Бүгінде «Орталықта» біршама уақыт қызмет істеген журналист Құрманғазы Өтебай аудандық газетті өз иелігіне алып, жаңа бағытта жарыққа шығара бастады. Қазіргі таңда аудан көлемінде екі мың данамен жарыққа шығып, әр шаңырақты жағымды жаңалықтарымен қуантуда.

– Өздеріңізге белгілі тез өзгеріп, тез дамып жатқан заманда, бүгінгі жаңалық бүгін ескіріп жатқан кезеңде ақпарат құралдарының орны еселеп артып отыр. Қай уақытта да солай болған, осыдан ғасыр бұрын біздің Алаштың арыстары «баспасөз құралдары – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаған. Бүгінгі күні де ол сөздер өзінің өзектілігін, маңыздылығын жойған жоқ. Өзінің орны бар, өзінің тарихы мен дәстүрі бар бірқатар басылым бар. Соның ішінде, «Абай-ақиқат» газеті мен «5 арнаның» орны ерекше деп білеміз. Биыл «Абай-ақиқат» газетіне 50 жыл, «5 арна» телеарнасына 30 жыл толып отыр. Әрине, бұл тек сіздер үшін ғана емес, біз үшін де үлкен мерейлі мерейтой деп білеміз, – деді Ерлан Бесембайұлы.

Қалалық «5 арна» да бүгінгі таңда телехабар тарату нарығында өзіндік орны бар үлкен ұжым. Сүйіншілеген жаңалық болсын, тосын оқиға мен басқа да сәтте халықпен бірге келе жатқанына да 30 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында «5 арна» ұлттық хабар таратушы мәртебесін иеленген.

Өткенге көз жүгіртсек, телеарна 1994 жылы 7 ақпанда алғаш рет эфирге шыққан. Содан бері табандылық пен еңбектің арқасында көшбасылардың бірі болды. Күн сайын телекомпанияның ақпараттық қызметі жарты сағаттық «жаңалықтар» бағдарламасын шығарып, халықтың құлағы һәм көзіне айналды. Одан бөлек, танымал телевизиялық жанрларды да дамыта отырып, жаңа бағдарламаларды жарыққа шығара бастады. Бүгінде жігерлі жастармен жасақталған телеарна ұжымы тың жобаларды қолға алып, үлкен жұмыстарды атқаруда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button