Жаңалықтар

Құрбан айт құрметіне

Мұсылман әлемінің ұлық мерекесі «Құрбан айтты» ақтоғайлықтар лайықты атап өтуде. Алғашқы күні орталық мешітте Айт намазы оқылысымен тұрғындар құрбандық шалып, тұрмысы төмен жамиғатқа таратып берді.

Түстен кейін аудан орталығындағы дене шынықтыру-спорт кешенінде аудандық мешіт оны Құрбан айт мерекесі құрметіне қазақ күресі, арқан тартыс сияқты ұлттық спорт ойынынан жарыс ұйымдастырды. Дүбірлі додада үш салмақ дәрежесінде балуандар бақ сынады.

66 келіге дейінгі салмақта – Арсылан Ерқанат, 74 келіге дейінгі салмақта Қозыұлы Айдын жеңімпаз атанды. Тиісінше екінші орынды Бекіш Берікбол мен Жұмағали Жанғазы, үшінші орынды Сейсенбек Аманжол мен Тұрсынбек Жәнібек бөлісті. 74 келіден жоғарғы салмақта Мәжкен Саяхат жеңіске жетіп, Досжан Қайыржан екінші орынды қанағат тұтты.

Арқан тартыста «Аудандық мешіт» командасы алдына қара салмады. Екінші орынды аудандық ЖӨСМ командасы еншіледі. Үшінші орынды «Мешіт шәкірттері» командасы олжалады.

Жеңімпаз бен жүлдегерге бағалы сыйлық пен грамота тапсырылды.

Өз тілшімізден.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button