Қарағандыда осы демалыс күндері жылу беріледі

Сенбі күні яғни 30 қыркүйек күні Қарағанды қаласының барлық тұрғын үйлеріне жылу беріледі. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Сурет: Ашық дереккөз

– Жылу беруді бастау бір күндік шаруа емес екендігін және пәтерлер дереу жылымайтынын да ескергендеріңіз жөн. Жылу желісінің төлеміне тоқталатын болсақ, қызметтің ақысы үйдің жылуға қосылуы турасында өтінім жіберіп, бұрандалар (задвижка) ашылған соң ғана төлейтін боласыздар, – дейді қала әкімі.

Қала тұрғындарының басым көпшілігі сенбі-жексенбі күні үйде болатынын ескергендіктен, қала басшылығы жылу беруді сенбі күні бастауды шешкен. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептерде және де басқа да нысандарда арнайы мамандардан басқа ешкім болмайды. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан өте қолайлы, сондай – ақ демалыс күндері ғимараттар жылып үлгереді, дүйсенбі күні барлығы жылы мекемелерге барады.

ПИК, МИБ, ҚК, ЖШС төрағалары мен үй бойынша жауапты тұлғаларға үйлердегі құрылғылардың техникалық жағдайларын тексеріп, сенбі күні жылуды қабылдау үшін бұрандаларды (задвижка) ашу жұмыстарын жүргізеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.