Қош бол,Германия!

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында көш бастаған Германия құрамасы биылғы доданы ерте аяқтады. Соңғы ойында немістер корейлерге есе жіберді. Жұрт үкілеп, чемпиондықтан үміткерлер қатарына қосқан «неміс машинасы» жанкүйер сенімін ақтамады.

Кездесуге кеңінен тоқталайық. Үзіліске командалар 0:0 нәтижесімен тарқасты. «Бундесманшафт» екінші тайм басталысымен-ақ тайлы-тұяғымен шабуылдап, қарсылас қақпасын торуылдады. Алайда, мұнысынан еш нәтиже шықпады.

Ойын соңына таман келесі кезең жолдамасы сусып бара жатқанын сезген Йоахим Лев шәкірттері қарқынды үдете түсті. Шабуылға беріліп кеткені соншалық, тіпті, гол жіберіп алғанын аңғармай қалды. «Жығылғанға жұдырық» демекші, сары құрлық өкілдері допты тағы да қақпаға дәл бағыттап, ойынға нүкте қойды. Қос гол да қосымша уақытта соғылды.

Осылайша, әлем чемпиондары топтағы соңғы орынды қанағат тұтып, үйлеріне аттанды.

Өзге матчтар нәтижесіне көз жүгіртсек…. Мексика – Швеция (0:3), Сербия – Бразилия (0:2), Швейцария – Коста-Рика (2:2), Сенегал – Колумбия (0:1), Жапония – Польша (0:1), Англия – Бельгия (0:1), Панама – Тунис (1:2) өзара кездесті. Келесі кезеңде Франция – Аргентина, Уругвай – Португалия, Испания – Ресей, Хорватия – Дания, Бразилия – Мексика, Швеция – Швейцария, Бельгия – Жапония, Колумбия – Англия құрамаларының жолы түйіседі.

2 шілде, 1/8 финал.

20:00. Бразилия – Мексика (Qazaqstan, Qazsport);

00:00. Бельгия – Жапония (Qazaqstan, Qazsport).

3 шілде, 1/8 финал.

20:00. Швеция – Швейцария (Qazaqstan, Qazsport);

00:00. Колумбия – Англия (Qazaqstan, Qazsport).

Мирас СӘУЛЕХАН,

ҚарМУ-дың студенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.