Ресми

Қос ауданда – жаңа әкім

          Шагурашид Калиевич Мамалинов Басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен Шағурашид МАМАЛИНОВ босатылды. Ол Бұқар жырау ауданының әкімі болып тағайындалды.

– Шағурашид Қалиұлы осыған дейін Сіздерде аудан әкімі болған, – деді Ерлан Қошанов автивпен кездесу барысында. – 20 жылдан астам уақыт бойы ол – мемлекеттік қызметте, 2015 жылдан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Ол – Сіздердің жерлестеріңіз, сондықтан, Бұқар жырау ауданының барлық проблемаларымен жақсы таныс деп ойлаймын. Мен оған ауданның барлық өзекті мәселелерін зерттеуге бір ай мерзім беремін. Сонан соң кездесеміз де, оларды шешу жолдарын бірлесіп іздейміз.

            Бұқар жырау ауданының бұрынғы әкімі Нұркен ҚОБЖАНОВ ротация бойынша Осакаров ауданы әкімі орнына ауыстырылды.Кобжанов Нуркен Сайфиддинович

– Меніңше, Нұркен Сайфиддинұлын Сіздерге таныстырудың қажеті жоқ. Ол – Сіздердің жерлестеріңіз, барлықтарыңыз оны жақсы білесіздер. Төрт жыл қатарынан Бұқар жырау ауданы әкімінің қызметін атқарған. Өзінің жұмысын жақсы біледі. Ауданның ахуалын жақсартты. Мен жаңа ғана сол жерде болып қайттым. Айта кету керек, өзгерістер мен ауданның дамуы бірден көзге түседі. Нұркен Сайфиддинұлы Осакаров ауданының да жағдайын жақсартатынына үміттенемін. Мен оған сенімдімін. Ол көктемгі су тасқыны кезінде жақсы, ұйымдасқан жұмысын көрсете білді. Сол үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Ерлан Жақанұлы Осакаров ауданында өткен активпен кездесу барысында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button