Жаңалықтар
“Орталықта” кадрлық өзгерістер
Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының ұжымында кадрлық өзгерістер орын алды.
«Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» ЖШС Директоры-Бас редакторының бұйрығымен осы уақытқа дейін басылымның Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған Ахат Құрмансейітұлы Құрмансейітов Бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сәйкесінше, бүгінгі мерзімге дейін Бас редактордың орынбасары міндетін атқарған Қуаныш Сағынтайұлы Аманқұлов газеттің Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметіне бекітілді.
РЕДАКЦИЯДАН.