АймақҚарағанды

Қолайсыз ауа райы кезінде Қарағанды облысы жолдары аумағында 190 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қарағанды облысының жолдарында Төтенше жағдайлар департаменті мен ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері қар құрсауында қалған көліктерден 190 адамды, оның ішінде 27 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізген.

Суреттер: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, 172 адамды жылыту орталықтарына орналастырды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.


8 қаңтар күні облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінде 1997 және 1973 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар 7 қаңтар күні таңертең «Нива» көлігімен мал алып кетуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болған жоқ. 8 қаңтар күні таңертең іздестіру тобы жоғалған адамдарды «Тінәлі» қыстағының маңайынан тапты. Белгілі болғандай, олар мінген көлік істен шығып, дәл осы уақытта қыстаққа баратын жолды қар басып қалған.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында жолдар барлық бағытта ашық.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button