Ойын алаңы — шаттық мекені

Сәтбаев қаласында сәбилердің сергек те шымыр болып өсуіне септігін тигізер шаралар пәрменді жүргізілуде. Жаңадан қолданысқа енгізілген ойын алаңдары – осы тұжырымның айғағы.

Көрнекі сурет

 Жуырда шаттық мекені іспетті осындай бір жаңа алаң балалар игілігіне берілді. Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің ауласында бой түзеген, сырт келбеті де сүйкімді алаң балғындардың сұранысына мейлінше лайықталған. Жұмсақ құм төселіп, түрлі әткеншек қондырғылары, басқа да құрал-жабдықтар мен дем алуға оңтайлы орындықтар орнатылған.

 Қала әкімдігі тарапынан жасалған толымды сыйға балғындар ғана емес, олардың ата-аналары да дән риза.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.