Облыстық «Әнет баба» мешітінде қаржылай қайырымдылық жасалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Асыл ана» көпбалалы ата-аналар қоры, «Киелі шаңырақ» қарттар үйі және «Әл-Машани» мешіті жанындағы Олжас Есенұлы атындағы медресе мен «Үштөбе» медіресесіне 800 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.
Қасиетті жұма күнінде 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Бас имамы Естай Айтуғанұлы мемлекеттік мерекемен Қарағанды жамағатын құттықтай отырып, арнайы ақшалай сертификаттарды табыстады.
Айта кетсек, «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы аясында өткен шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» корпоративтік қоры тарапынан демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асып отыр.