ЭЦҚ қолданушылары үшін eGov жүйесінде қауіпсіздік күшейтілді
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілгенін хабарлайды.

Енді жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен құпиясөзден бөлек, келесі тәсілдердің бірі арқылы қосымша растаудан өту қажет:
• Қазақстан Республикасының Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу;
• eGov Mobile қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынатын кодты енгізу.
Аталған талап Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын және Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Қосымша тексеру тетігі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



