АймақБас тақырып

Балқаш қаласында қалалық мешіттің құрылысы басталды

Балқаш қаласында жаңа қалалық мешіттің құрылысы басталды. Жергілікті тұрғындар көптен күткен игі бастамада қасиетті Құран аяттарын оқыды.

Салтанатты шараның ең маңызды әрі символдық сәті болашақ рухани орталықтың іргетасына алғашқы бетон құю рәсімі болды. Қала имамдары мен Балқаштың құрметті азаматтары қолдарына күрек алып, құрылыс алаңына бетон төсеп, жаңа мешіттің негізін қалады.

Бұл рәсім көпшіліктің рухани құндылықтарға деген құрметін және ортақ іске қолдауын көрсетті. Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған жиынға Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев, қалалық мәслихат төрағасы Ахат Мүслимов, Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали, Балқаш қаласының бас имамы Нұрболат Қалдарбеков, Балқаш қаласының құрметті азаматы Серік Қасымбеков, сондай-ақ қала ардагерлері, халық қалаулылары мен тұрғындар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген азаматтар жаңа мешіттің қала тұрғындары үшін маңызды рухани және мәдени орталыққа айналатынын атап өтті. Олар игі бастаманың берекелі болып, құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына тілектестік білдірді.

Нысан құжатына сәйкес, мешіт құрылысы 2027 жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қасымбеков С.Т.» жеке кәсіпкерлігі, ал бас мердігер ретінде «Балқаш Жібек Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленген.

Айта кетейік, жаңа мешіттің құрылысы аяқталған соң, Балқаштағы рухани-мәдени өмірдің маңызды орталықтарының біріне айналмақ.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

БАЛҚАШ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button