Ресми

Облыста – кадрлық өзгерістер

      Айдаров Алмас АйдаровичАймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясында өзінің екі жаңа орынбасарын таныстырды. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Алмас   АЙДАРОВ тағайындалды.

– Басқа қызметке ауысуына байланысты менің орынбасарым Марғұлан Кәрібеков лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің инвестиция, өндіріс, шағын және орта бизнесті дамыту салаларына жетекшілік ететін орынбасары қызметіне Алмас Айдар­ұлы Айдаров тағайындалды, – деді Ерлан Қошанов.

Алмас Айдаров әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Лондон экономика университетінде тәжірибеден өткен. Мамандығы бойынша – экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

       Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Серік ШАЙДАРОВ тағайындалды.Серик Шайдаров

– Сіздер, барлықтарыңыз оны жақсы білесіздер. Серік Жаманқұлұлы 20 жылдан астам уақыт бойы – мемлекеттік қызметте. Жаңаарқа, Нұра аудандарын, Жезқазған қаласын, Қарағанды облысының табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасын басқарған. 2014 жылдан бастап Абай ауданының әкімі қызметін атқарып келді, – деді Ерлан Қошанов.

Ол агроөнеркәсіп кешенін дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелеріне қатысты жұмыстарға жетекшілік ететін болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button