Жаңалықтар

Оқушыларға қысқа белдемше киюге де тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мектеп қабырғасында хиджабпен бірге қысқа белдемше киюге де тыйым салынуы мүмкін. “Хабар 24” арнасының хабарлауынша, бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеген. 

ФОТО: sputniknews.kz

Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Жыл басынан бері ел мектептерінде хиджаб киетін 2 жарым мың қыз бала оқып жатқаны анықталды. Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жүргізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш күрт төмендеді. Сондай-ақ енді ел тұрғындары көшеде бетін жауып жүре алмайтын болады. Мұндай шешім қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 

 Сенат депутаттары комитет отырысында тиісті заң жобасын қолдады.

“Біз жаңалық ашып отырған жоқпыз.  Еуропа елдерінде ондай нормалар заңға енгізілген. Ең біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті нәрсе. Бұл жерде тек балаклава, паранджа, ниқабты айтып отырған жоқпыз”, — деді ҚР қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын. 

Дереккөз: sputniknews.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button